Мәскеу маңынан циклон жылжып келеді: 23 сәуірде ауа райы қандай болады?

Сағыныш Сардарова 23 сәу. 2026 07:00

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей кезде нөсер жауын да болжанып отыр. Кейбір өңірлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Күндіз батыста ауа температурасы +7…+18 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20 градус болады. Қалған өңірлерде ауа температурасы көтеріледі:

  • солтүстікте +18…+27 градусқа дейін,
  • орталықта +22…+30 градусқа дейін,
  • шығыста +20…+28 градусқа дейін, таулы жерлерде +10…+15 градусқа дейін,
  • оңтүстікте +27…+32 градусқа дейін, таулы жерлерде +22 градус шамасында,
  • оңтүстік-шығыста +20…+30 градусқа дейін, таулы жерлерде +10…+15 градус болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove