Павлодар облысында әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде марқұмның денесі табылған бейнежазба тарады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мәйіт ферроқорытпа зауытына жақын аумақтан, бірнеше шақырым қашықта анықталған.
Аталған жайтқа байланысты Павлодар облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.
“Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде”, - деді ведомство.
