Түркістанға туристік сапармен келген америкалық бала жоғалып кеткен

Сағыныш Сардарова 22 сәу. 2026 16:22

Түркістанға туристік сапармен АҚШ азаматы Иоаннис Пикалов отбасымен бірге келген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Серуен барысында оның 6 жасар ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында жүрген кезде жоғалып кеткен. Баласын өз бетінше таба алмаған азамат дереу туристік полиция қызметкерлеріне жүгінді.

Полицейлер арыз түскен сәттен бастап жедел әрекет етіп, іздестіру шараларын бірден ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын және жақын маңдағы аумақтарды толық тексеріп, бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағытын анықтады.

"Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде балақай бірнеше сағат ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен аман-есен табылып, ата-анасына табысталды. Шетелдік азамат полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсібилігіне алғыс білдірді", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove