Қазақстан АҚШ-қа жер телімін жалға беру туралы келісімді ратификациялады

Қаракөз Амантай 20 мам. 2025 09:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Қазақстан үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Құжатқа сәйкес, Америка Құрама Штаттарына Алматы қаласынан консулдық ғимарат салу үшін жер телімі жалға беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері арасындағы Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеме құрылысына арналған жер телімін жалға беру туралы келісімді ратификациялайтын Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген ресми хабарламада.

Аталған заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

Еске сала кетейік, биыл 22 қаңтарда Мәжіліс АҚШ-тың Алматыдағы консулдығы үшін жер телімін беру жөніндегі заң жобасын талқылауға қабылдаған.

Ал 8 мамырда Америка Құрама Штаттарының өкілдері консулдықты өздері салып шығатыны белгілі болды. Сонымен қатар, АҚШ-тан құрылыс жұмыстарына келетін мамандарға үш жылға визалар беріліп, оларды ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар