Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті", делінген хабарламада.
Бұған дейін Трамп пен Путиннің Аляскадағы келіссөздерінің қорытындысы жарияланғанын жазғанбыз. Сондай-ақ бұл кездесуге қатысты саясаттанушылар қандай ойда екенін де жеткізген едік.