АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға бағытталған қатаң мәлімдемелері екі ірі держава арасындағы уақытша келісімге қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл мәлімдемелер Трамптың Вашингтонда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуіне небәрі екі ай қалғанда айтылып отыр.
Соған қарамастан, сарапшылардың пікірінше, Бейжің Трамптың сөздерін АҚШ-тың Қытайға қатысты саясатының өзгеруі ретінде емес, оның ішкі саяси науқанының бір бөлігі ретінде қабылдауы ықтимал.
Bloomberg-тің жазуынша, Трамптың 25 минутқа созылған сөзінде Қытайға қарсы қандай да бір жаза немесе санкция енгізуге шақырған мәлімдемелер болған жоқ. Бұл жайт Бейжіңнің ықтимал реакциясын жұмсартуы мүмкін.
Осылайша, сарапшылардың бағалауынша, қатаң риторикаға қарамастан, Вашингтон мен Бейжің арасындағы диалогты жалғастыруға мүмкіндік сақталып отыр.