Қазақстан әлем бойынша жанармайы арзан елдер ішінде 11-орында тұр

Dalanews 13 шіл. 2024 10:08 3104

Қазақстан әлем бойынша жанармай бағасы арзан елдер рейтиңінде 11-орында тұр. Тізімде 169 ел бар. Ал Орталық Азияда — екінші орында. Есепті GlobalPetrolPrices жасаған. Бұл ресурс 150-ден астам елдегі мотор отыны, электр энергиясы және табиғи газдың бөлшек сауда бағасын бақылап отырады. 

Жанармайдың Қазақстандағы орташа бағасы литріне 0,51 доллар шамасында. Ал әлем бойынша орташа құны 1,32 доллар екен. Дегенмен әлем елдері арасындағы баға айырмашылығы әжептәуір екенін атап өту керек. Мысалы ең арзан жанармай Иранда. Ол жақта литрі — 0,029 доллар. Ал ең қымбаты — Гонконгта (3,2 доллар).

«Негізі бақуатты елдерде, әдетте, баға қымбаттау болады. Ал енді жағдайы нашарлау не мұнай шығарып, өндіретін елдерде арзандау. Бірақ АҚШ-тың жағдайы басқаша: мұнда экономика өте дамытаған, бірақ соған қарамастан жанармай қымбат емес. Елдер арасындағы баға айырмашылығы түрлі салық пен субсидияларға байланысты» делінген онлайн-порталдың жасаған қорытындысында.

Портал жасаған кестеде екі түрлі баға бар. Кей елдерде баға өзгерісі апта сайын жаңартылып отырады (жұлдызша қойылған). Ал кейбірі ай сайын жаңарады. Себебі жанармай нарығы реттеліп, үнемі өзгеріп отырады. Бұл кестеде Қазақстанға жұлдызша қойылмаған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар