Қазақша-моңғолша сөздік жарыққа шықты

Жарбол Кентұлы 31 қаз. 2024 19:19 2546

Таяуда Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында әйгілі алтаист ғалым Бұқатұлы Базылхан (1932-2012) мен Түркі Академиясының сарапшысы Напил Базылхан дайындаған «Қазақша-моңғолша сөздік» және «Моңғолша-қазақша сөздік» жарық көрді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сөздіктер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапарына орай Қазақстан мен Моңғолияның дәстүрлі достық ынтымақтастығы аясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қолдауымен жарияланды. Еңбектің алғысөзін жазған – Моңғолия Президент Кеңсесінің басшысы Гомбожавын Занданшатар.

Қос сөздік – әр біріне 60 мыңдай сөз қамтылған алтаистика, түркология, қазақтану, моңғолтану секілді әр салалы зерттеулерге құрал болатын лексикографиялық талаптарға сай жүзеге асқан бағалы ғылыми еңбек.

Сөздікті баспаға дайындау ісін ұйымдастырған, моңғол тілі редакторы – Моңғолия Президенті жанындағы Тіл саясаты ұлттық кеңесінің және ресми істер басқармасы жетекшісі, филология ғылымдарының докторы (PhD) Нямхүүгийн Нарангэрэл.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар