Алматыда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Masalert халықты құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізілмек.
Қала әкімдігі мәліметінше, жоспарлы тексеріс 24 маусымда сағат 11:00-де Медеу ауданындағы Мұзтау шағынауданында өтеді.
Іс-шара төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды хабардар ету тәртібін пысықтау және құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылған.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан алаңдамау және сабыр сақтау сұралды. Мамандар тексеріс жоспарлы түрде жүргізілетінін атап өтті.