Freedom Inside '26

Әкесін қорлап, ұрып-соққан: СҚО-да жас жігітке сот үкімі шықты

Әкесін қорлап, ұрып-соққан: СҚО-да жас жігітке сот үкімі шықты
Фото: видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер әкесін қорлап, ұрып-соққан 22 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жас жігіттің қарт адамға айқайлап, былапыт сөздер айтып, күш қолданғаны көрінеді. Сонымен қатар ол өз әрекетін телефонға түсіріп тұрған.

Желіде жарияланған бейнежазбадан кейін полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Оның жәбірленуші зейнеткердің туған ұлы екені белгілі болды.

Зейнеткер ұлын кешіріп, сот-медициналық сараптамадан өтуден және арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан полиция құқық бұзушылық фактісі бойынша іс қозғап, материалдарды сотқа жолдаған.

Сот шешімімен жас жігіт кінәлі деп танылып, оған бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.