Freedom Inside '26

АҚШ Конгресі Трамптың әскери өкілеттігіне шектеу қойды

АҚШ Конгресі Трамптың әскери өкілеттігіне шектеу қойды
Фото: Win McNamee/Pool via REUTERS

АҚШ Сенаты президент Дональд Трампты Иранға қарсы әскери операцияларға америкалық қарулы күштерді қатыстырмауға шақыратын қарарды мақұлдады. Бұл туралы The Hill басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжатты қолдап 50 сенатор дауыс берсе, 48-і қарсы шыққан. Қарарды бірнеше республикашыл сенатор да қолдады.

Алайда бұл құжат заң мәртебесіне ие емес. Сондықтан ол президент үшін міндетті шешім саналмайды және қол қоюды қажет етпейді.

Сенаттың бұл қадамы Конгрестегі бірқатар саясаткердің АҚШ-тың Иранға қатысты әскери қадамдарына алаңдаушылық танытып отырғанын көрсетеді.