Freedom Inside '26

Қырғызстандағы президент сайлауының күні өзгеруі мүмкін: дауыс беру қашан өтеді?

Қырғызстандағы президент сайлауының күні өзгеруі мүмкін: дауыс беру қашан өтеді?
Фото: asia24.media

Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 2027 жылдың 31 қаңтарында өтуі мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қырғызстан парламенті президент сайлауының күнін өзгертуге мүмкіндік беретін заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші жексенбісінде өткізілуі тиіс. Алайда жаңа түзетулер қабылданса, дауыс беру қаңтар айының соңғы жексенбісіне белгіленеді.

Заң жобасын ұсынған депутаттар мұндай өзгеріс сайлау үдерісін ұйымдастыруды жеңілдетуге және дайындық жұмыстарына қосымша уақыт беруге мүмкіндік беретінін айтады.

Егер құжат күшіне енсе, Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылдың 31 қаңтарында өтуі мүмкін. Бұған дейін Конституциялық сот сайлауды 2027 жылдың 24 қаңтарында өткізу қажет деген түсініктеме берген еді.

Қазіргі президент Садыр Жапаровтың өкілеттік мерзімі 2027 жылы аяқталады.