"Қазақфильм" киностудиясын мемлекет қаржыландыруы мүмкін

Қаракөз Амантай 29 қар. 2024 15:33 881

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдап, ведомствоның биылғы жұмыстары мен алдағы жоспарларын тыңдады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Министр мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынас, жастар саясаты, креативті индустрия, отбасы-демографиялық саясат, мұрағат және кітапхана ісі салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, 2025 жылға дейінгі перспективалық жоспарларды жүзеге асыруға дайындық жөнінде мәлімет берді.

Мәдениет саласындағы жетістіктер:

• Биыл қазақ өнері Венеция биенналесінде және Гиме Азия өнері музейінде әлемге таныстырылды;
• Қазақстанның баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілді;
• Qazaq Culture ақпараттық-ағартушылық платформасы сегіз тілде іске қосылды;
• Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты рәсімдері жоғары деңгейде өтті.

Заңнамалық жұмыстар:

• Журналистердің мәртебесін арттыруға бағытталған жаңа БАҚ туралы заң қабылданды;
• «Қазақфильм» киностудиясын қаржыландыруды тікелей қарастыратын заң жобасы Парламентке ұсынылды.

Еріктілер қозғалысы:

• Белсенді еріктілер саны 240 мың адамға жетті;
• 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылды, 7 қазақстандық ерікті БҰҰ-ның жобаларына тартылды.

Креативті индустрия:

• Креативті индустрия қорын құру және арнайы салық режимін енгізу жұмыстары жүргізілді;
• Елімізде 10 жаңа креативті орталық пен хаб ашылды.

Президент алдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі сияқты маңызды іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар