Қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әнші қомақты айыппұл төлейтін болды

Көркем Алдабергенова 20 нау. 2025 15:59 2059

Қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әнші қомақты айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әнші Қайрат Пірімбердиевке 100 мың сом айыппұл салынды. 

Бұл шамамен 588 516 теңге. 

Еске салайық,Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті әнші Қайрат Примбердиевті қамауға алған болатын. Ол бұған дейін Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған еді. 

ол ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдеме жасағаны үшін қамауға алынған. Ведомство әншінің елден шығуына тыйым салды.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу және процессуалдық шаралар жүріп жатыр. Қырғызстанда нәсілдік, ұлттық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрағаны үшін сынға ұшыраған болатын.

Қазақстандық БАҚ-тың бірі Қайрат Примбердиевтен сұхбат алған болатын. Әнші тарихи оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, өткенге өкініш білдірген. Ол қырғыз ханы Ормон ханның Кенесары Қасымовтың басын алуға мәжбүр болғанын айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады:

«Біздің Ормон хан Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болған. Мен бұл үшін қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қазір жылағым келіп тұр, расында. Біз Кенесары ханның басын қайтарып, Құран оқып, бұл өкпені лайықты түрде ұмытуымыз керек», — деді ол сұхбатында.

Алайда бұл сөздері үшін әнші сынның астында қалды, ол «Қазақстанның пропагандасына ерді» деп айыпталды. 24.kg басылымы Қырғызстанның Мәдениет вице-министрі Марат Тағаевтың пікірін жариялады. Ол Қайрат Примбердиев «Қазақстанның ықпалына түсіп қалғанын» айтты.

Шенеуніктің пікірінше, қырғыздар өз жерін қорғаған Ормон ханның әрекеті үшін кешірім сұрамауы керек. Жастар тарихын білуі үшін Қырғызстанда өздерінің тарихи фильмдерін түсіру қажет екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар