Семинар барысында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ мен Жапонияның Ұлттық Астрономиялық Обсерваториясы арасында Ынтымақтастық және өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.
«Бұл келісім біздің ғалымдарға әлемдегі ең үздік телескоптармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жапония мен Гавай аралдарында «Субару» деп аталатын телескоптар орналасқан. Олар әлемдегі ең үлкен телескоптар қатарына жатады. Одан басқа, Меморандум отандық жас ғалымдардың біліктігін арттыруға септігін тигізеді», – деді өз сөзінде В. Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Шыңғыс Омаров. Жапондық ғалым, профессор Казухиро Секигучи мұндай келісімге Жапония Ұлттық Обсерваториясы да мүдделі екендігін жеткізді. Өйткені, ғарышты телескоптар арқылы зерттеуде Қазақстанның географиялық жағдайы өте қолайлы.