Күздің екінші айы - жаңару мен ішкі өсу кезеңі. Бұл айда бірнеше жұлдыз белгісінің айы оңынан туады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тоқты
Қазан айы тоқтыларға энергия мен кәсіби табыс әкеледі. Оларды жаңа жобалар және қаржылық тұрақтылық күтіп тұр.
Махаббатта үйлесім мен сезім артады. Романтикаға, демалыс пен спортқа уақыт бөліңіз. Себебі бұл сіздің ішкі тепе-теңдігіңізді сақтайды.
Егіздер
Егіздерді шығармашылық пен логиканы ұштастыратын істерде табыс күтеді. Пайдалы келісімшарттар түсуі және басшылықтың сенімі артуы мүмкін.
Жеке өмірде жағымды өзгерістер болады. Жалғызбасты егіздер сенімді адаммен танысуы ықтимал, мәселен шығармашылық ортада, көрмеде не театрда.
Таразы
Таразы маусымы аяқталғанымен, жолдарыңыз әлі ашық. Қызметте өсу, еңбектің еленуі, оған қоса маңызды келіссөздер сәтті өтеді.
Махаббатта роман не маңызды қадам күтіп тұр. Өз-өзіңізге сеніміңіз артып, сырт келбетіңізді жаңартуға шабыт аласыз, кейін сізді нәтижесі қуантады.