Қазір елімізде кісі қақысы, адамның жеке өміріне қол сұқпауға қатысты көп әңгіме айтылып жүр. Бірақ мұны бәрі жай сөз күйінде қалмауы керек. Бүгін әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың Жанка есімді жартылай жалаңаш бойжеткенмен бір үйдегі видеосы жарияланып, көпшілік қауым соны талқылап жатыр.
Желіде таралған бір сәттік видеода Қайрат Нұртасқа пен ашық-шашық киінген (солай деп айтайық) бойжеткеннің ара қатынасының қандай екенін анық байқауға болады (енді оған біз баға бермей-ақ қоялық).
Айнаның алдында өзін видеоға түсірген бойжеткеннің камерасына Қайрат Нұртас ойламаған жерден түсіп қалыпты.
Қайрекеңнің жеңіл жүрісті бойжеткенмен көңіл қосқаны айғақтайтын видео Алтай мен Атыраудың арасына заматта тарап кетті. Осылайша Қайрекең бір күнде қоғамдық өміріміздің «антигеройына» айналып шыға келді. Шындығында мұны Қайрат Нұртасқа қарасы жасалынған буллинг десе болатындай.
Айтпақшы, соңғы кездері кісінің жеке өміріне қатысты мұндай видеолар еліміздегі шулы сот отырыстары кезінде таралуы әдетке айналғандай... Бүгін журналист Думан Мұхаметкәрімнің соты өтуде.
Кезінде Назарбаев өзінің 30 жылдық билігінің соңында осындай «компроматтарды» әлдекімдердің көмегемін көптеп жинап, оны желіде таратып, өзінің билігін жасанды жолмен «ұзартқаны» есімізде.
Біздіңше, Жаңа Қазақстан тізесі шыққан осындай ескі тәсілден аулақ болуы керек. Мұндай сұрқайы видеолар мен компроматтар қоғамды өшірмесе, өсірмесі анық. Осындай пасық әрекеттер қазір көрші Ресейде кең етек алуда. Біздер бұдан сақтануымыз керек.
Халыққа Қайраттың Нұртастың жеке өміріне қатысты мәселелер қызық болмауы керек. Бірақ бұл бір оқиғаны бір оқиғамен ұмыттыру болса жақсылықтың нышаны емес.
Әрине, мұны Жаңа Қазақстанның өкілдері істеп отыр деп айтуға аузымыз бармайды. Дәл осы видеоны белгілі журналист Думан Мұхаметкәрімнің соты болған күні реваншты аңсап жүрген Ескі Қазақстанның қасыкөйлері әдейі ұйымдастыруы да бек мүмкін.
Осыған дейін билікке қарсы сыни пікірін айтып жүрген Динара Егеубаев бастаған бірқатар журналистерге өткен жылы Ескі Қазақстанның қотыраштары мен батыраштары тасада тұрып, тас атып, көлігін өртеп жіберді.
Сол кезде құқық қорғау органдары бұл істің соңына түсіп, лас тірлікті Жаңа Қазақстанға күйе жағу үшін ескі жүйенің өкілдері әдей ұйымдастырғанын анықтаған еді. Сондықтан құқық қорғау органдары Жаңа Қазақстанға күйе жағуды жатса да, тұрса да армандайтын ескі жүйенің тасада тұрып тас атушыларын тауып сазайын беруі керек.