Қауіпті тенденция: РосАтом Қазақстандағы тағы кенішке бір көз тігіп отыр

Dalanews 10 қаз. 2023 11:45 661

Соңғы екі жылдың бедерінде «Қазатомпромға» басшы тұрақтамай қойды. Компанияға өткен күзде келген Ержан Мұқановтың орнын босатқаны белгілі болды. Мұқановтан бөлек кәсіпорынға еңбегі сінген тәжірибелі топ-менеджерлер де топ-тобымен отставкаға кетуде. 

Dalainside телеграм арнасының хабарлағанындай «Қазатомпромның» басшылық құрамын қызметтен кетуге мәжбүр еткен факторлар бар.

«Қор тарапынан «Қазатомпромның» топ-менеджерлеріне қысым жасалды. «Самұрық-Қазына» кәсіпорын жетекшілерін компанияның саясатына қайшы келетін шешім қабылдауға итермеледі.

Бұл үрдіс қорға Нұрлан Жақыпов келгелі күшейе түсті. Компанияның қазіргі басшылығы «Самұрықтың» айтқанын екі етпейтін, бас еркі жоқ тұлғалар.


Соңғы уақытта тағы бір қауіпті тенденция белең алуда. Росатом «Қазатомпромның» ішкі «кухнясына» тұмсық тығуға талпына бастады...», - дейді Dalainside.

Ел үшін стратегиялық маңызы бар нысан сырт күштердің жетегінде кетсе, осы саладағы Батыспен бірлескен жобаларға қауіп төніп, компанияның репутациясы оңбай ойсырары анық.

Айта кетелік, соңғы екі жылда «Қазатомпромда» үш бірдей басшы ауысқан. Арты-артынан орнын босатқан білікті менеджерлердің жұмыстан кетуі де бекер емес.

Dalainside-қа мәлім болғандай бұлардың басым бөлігі Буденовское кен орнының 49% сатып алған «Росатоммен» арадағы келісімнің әділ өткеніне күмәнмен қараған.

"Қазатомпром» акционерлері бұған әуел бастан қарсы болды. Келіссөз нәтижесінің елеусіз, көзге көрінер көрінбестей етіп жарияланғаны да сол себепті. Росатом? Орыстардың араны ашылып барады. Ресейлік монополист Буденовтен бөлек, Қазатомпромға қарасты басқа да кен орындарына көз тігіп отыр.

Путиннен толық карт-бланш алған Росатомпром келесі кезекте уранға бөгіп жатқан «Инкай-3» кенішіне ауыз салуы мүмкін. Кәсіпорын басшылығы мен Энергетика министрлігі осы мәселе бойынша консультация өткізді, компания кенішті игеруге рұқсат беретін сәтті күтіп отыр. Рұқсат берілген мезетте Росатом кеніштен үлес қарпып қалуға тырысады...», - дейді арна дереккөзі.

Маңызды ақпараттармен бөлісетін DALA INSIDE тіркелуге кеңес береміз: https://t.me/dalainside/1515

 

https://dalanews.kz/news/93773-sot-deputat-turlykhanovtyng-ulyna-qaty

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар