Қауіпсіздік ережесі – теміржолдың басты қорғанысы

Dalanews 07 жел. 2019 04:53 3491

Кез келген елде темір жол саласы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Бұл бағыт ұлттық компанияның топ-менджерлері әр аптаның 24 сағат, 7 күні қауіпсіздік саласына барынша көңіл бөліп келеді. Бүгінге заманда қарқынды дамушы, нарық талаптарына тез бейімделетін компанияның тәуекелін басқарып, оны жітілдіру өте өзекті мәселе. Сол себепті «Қазақстан темір жолы» Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов жетекшілік етуімен қауіпсіздік ережелерін сақтау ісі еліміздегі жетекші компания айрықша көңіл бөлуде.

Бүгінде темір саласындағы қауіпсіздік жайында посткеңестік аумақта және шетелдік мамандандылыған ғылыми басылымдар, БАҚ және тақырыптық болгтарда көпетеген мақалалар жарияланатыны белгілі. Әрине, кез келген ел үшін тәуекелі зор негізгі бағыттардың өз ерекшелегі мен кешенді мәселесі, транспорт саласындағы базалық ұғым-түсінігі болатынын да естен шығармаған абзал.

Темір жол саласындағы қауіпсіздікті сақтауда алдын алу шараларының алатын орыны ерекше. Темір жолы бойында орын алған төтенше оқиғаларды жедел зерттеу, кадрлық саясат және қауіпсіздік мәселесіне жанама әсер ететін нақты регламенттерді (қауіпсіздік ержелерін сақтауды ұдайы тексеру, жұмыс күнін белгілеу, біліктілігі жетілген кадрларды сұрыптау сүзгісін қалыптастыру), жұмыс барысына сапалы мониторинг жүргізді қатаң түрде сақтаудың маңызы зор.

Елміздегі жетекші ұлттық тарнаспорттық компания 1990 жылдан бері темір жол саласындағы қауіпсіздік саласына баса көңіл бөліп келеді. Мемлекет Қазақстанның темір жол саласының топ-менеджерлеріне базалық тапсырмалар жүктеп, әлеуметтік саясатты жүзеге асырып, еліміздегі темір жол саласы заман талабына сай жұмыс дамытуды, ел азаматтарын А нүктесінен В нүктесіне жеткізуде қауіпсіздігі мен жайлы жетуін қамтамасыз етуді қатаң түрде талап етуде.


Бүгінде қазақстандықтар үшін темір жол саласы қалалар мен ауылдарды, тіпті көршілес елдерді бір-бірімен жалғаушы негізгі көлік құралы екені белгілі. Ел азаматтарының басым көпшілігі жолға шыққанда темір жол көлігін пайдаланады. Сол себепті мемлекет ұлттық компаниядан ел азаматтарының жағдайына байланысты тариф саясаты мен жолаушыларға қарапайым қолайлы жағдай жасауды (сапалы қызмет жыл өткен сайын артып келеді, бұл ретте бірінші кезекет талап етілетін – тазалық, дәл уақытында жолға шығу мен жету, транспорт саласындағы қылмыстың алдын алуды атап айтуға болады) тапсырған болатын.

Соңғы уақыттары мемлекет пен қомғам тарапынан темір жол саласына техникалық қауіпсіздікті сақтау мәселесі күрт өскенін байқауға болады.  Сол себепті ҚТЖ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов және өзге де топ-менеджерлердің, мемлекеттік реттеуші органдардың бұл мәселені қоғам алдында жиі ашық талқылап, ұдайы тексерістер жүргізіп келеді.

Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өзінің оң нәтижесін беріп, еліміздің темір жол саласында қауіпсіздік қызметінің мәдениетін қалыптасып, штаттан тыс оқыс оқиға орын алғанда жедел шешім қабылдауға ықпал еткенін атап айтуға болады. Бұл ретте биыл Арыс қаласында төтенше оқиға орын алған сәтте ҚТЖ қызметкерлері жедел әрекет етіп, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, барлық байланыс каналдар арқылы жаңа жол жүру кестесін халыққа жедел хабарлап, жолаушыларды автобустармен жақын маңдағы қауіпсіз, ірі елді-мекендерге жеткізіп, бұдан кейін қысқа мерзім аралығында темір жол көлігінің қозғалысын қамтамасыз етіп, өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарағанына куә болдық.

Сонымен қатар қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ы өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарақат алып қалмау ісіне да айрықша көңіл бөліп, білікті топ-менеджерлер қауіпсіздігін ережелерін сақтауды қызметкерлеріне жиі ескертіп келеді. Мысалы, ҚТЖ Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов темір жол қызметкерлері арасында жарақат алып қалуды болдырмаудың маңызы зор екенін бірнеше рет алға тартқан болатын.


– Біздер түбегейлі өзгерістер енгізіп, жұмыс барысында қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бизнес үрдістер мен өндірістік тәртіпке енгізудеміз. Техникалық қауіпсіздік мәселесі жол бойындағы бөлімшелерден бастап, әрбір басшының жұмысындағы маңызды орынға ие болуы тиіс, – деген болатын Серік Әбденов.

Осы сөзден-ақ бүгінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының Орталық кеңеседегі басшыларынан бастап, жергілікті басқармалар, шалғайдағы шағын локацияда еңбек ететін қызметкерлер техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау ісіне айрықша мән беретінін байқауға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар