Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Кәмшат Тілеухан 26 ақп. 2025 12:13 274

Бүгін, 2025 жылы 26 ақпанда Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Мұның алдындағы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы 2024 жылы 9 қыркүйекте болған болатын.

Айта кетсек, күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдаған болатын. Сондай-ақ Президент қабылдауында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев те болды.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар