Freedom Inside '26

Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.