Freedom Inside '26

Қарағанды облысында қарттарды алдаған алаяқ сотталды

Қарағанды облысында қарттарды алдаған алаяқ сотталды
freepik

Қарағанды облысының Әлихан Бөкейхан ауданында егде жастағы азаматтарды алдаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу барысында айыпталушы интернет арқылы қарт адамдардың байланыс нөмірлерін тауып, оларға қоңырау шалғаны анықталған. Ол өзін нақты таныстырмай сөйлескен. Ал қоңырау шалған адамның кім екенін білмек болған жәбірленушілер оны шетелде тұратын туыстарының бірі деп ойлаған.

Осыны пайдаланған күдікті түрлі сылтаумен ақша сұрап, қаржыны курьер арқылы жіберуге көндірген. Кейін ақшаны өзі алып, ізін суытқан.

Алаяқтың әрекетінен 10 азамат зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеден 1 млн 750 мың теңгеге дейін жеткен.

Сот ер адамды алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айырды.