Freedom Inside '26

Қарағандыда полиция майоры жанынан табылған әйелге қатысты жаңа дерек белгілі болды

Қарағандыда полиция майоры жанынан табылған әйелге қатысты жаңа дерек белгілі болды
Фото: Видеодан скрин, stan.kz

Жақында Қарағанды облысында полицияның тірек пункттерінің бірінен әйел адамның денесі табылған еді. Марқұм болған 23 жастағы қыздың артында кішкентай ұлы қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ал оқиға орнында ес-түссіз күйде табылған полицейдің жағдайы жақсарып келеді.

“Науқастың хәлі ауыр, бірақ қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Денсаулығында оң өзгерістер байқалады”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, оқиға 1 қазанда орын алды.

Сол күні жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды.

"Полиция департаменті барлық іс-әрекеттер мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.Азаматтардан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұрайды", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.