Ауыл ветеринарларының жалақысы мен әлеуметтік төлемдері артады

Ауыл ветеринарларының жалақысы мен әлеуметтік төлемдері артады
pixabay.com

Қазақстанда ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, ғылыми дәрежесі бар мамандарға қосымша ақы төлеу ұсынылды. Тиісті заң жобасын Құрылтай бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, ветеринария мамандарына жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кезінде кемінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу көзделген.

Сонымен қатар негізгі жұмыс орны бойынша ғылым кандидатына 17 АЕК, ал ғылым докторына 34 АЕК көлемінде ай сайын қосымша ақы беру ұсынылып отыр.

Заң жобасында ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғайтын ветеринариялық палата құру да қарастырылған. Қоғамдық ұйым мамандардың есебін жүргізіп, олардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Заң жобасы ветеринария саласындағы кадр тапшылығын азайтуға және мамандықтың, әсіресе ауылдық жерлердегі тартымдылығын арттыруға бағытталған.