Америкалық іскер журнал Bloomberg Қаппаровтың қазасын Сингапур премьмер-министрі Ли Куан Ю және АҚШ федералды қорының бұрынғы басшысы Лайла Грэмлимен бірге өткен айдағы орны толмас ең қайғылы қазалардың тізіміне қосыпты. Басылым Қапппаровты уран өндіруде алдыңғы орында тұрған өндіріске жетекшілік еткенін айтып, наурыз айының басында оның "Қазатомөндірісті" атом электрстансыларына арналған жанармай шығаратын ең ірі өндіріс орнына айналдырамын деген уәдесін еске салады.
[caption id="attachment_10084" align="alignright" width="508"] Нұрлан Қаппаров 45 жасында Бейжіңде көз жұмды[/caption]
Ол Қазақстандағы ең қалталы 50 байдың қатарында болды. Forbes журналының дерегінше, Қаппаровтың байлығы шамамен 120 миллион долларды құрайды.
Қаппаров 26 наурызда Бейжіңге сапарында көз жұмды. Ресми мәлімет: түскі ас кезінде жүрегі тоқтап қалған. Бірақ, бұған сенуге бола ма?
2009 жылдың мамырында "Қазатомөндірісті" басқарған Мұхтар Жәкішев құрықталды. Кейбір деректерге қарағанда, бұдан бір жыл бұрын ол Қазақстанның уран өндірісінде көшбасшы елдердің қатарына шығып, әлемдік ядролық энергетикалық нарықтың негізгі ойыншысына айналатынын айтқан. Жәкішев қамалғаннан кейін, бұл жоспардың біразы сол күйі аяқсыз қалды.
Дәл осы Bloomberg 2008 жылдың сәуірінде "Қазақстан үшін қазіргі уран көздері 70 жыл бұрынғы Сауд Арабиясы анықтаған мұнай қорындай маңызға ие болады" деп жазыпты. Ал CentralAsiaOnline.com сайтының хабарлауынша Қазақстандағы уран кеніштерін игеру оңай әрі арзан.
Мұхтар Жәкішевтың "уран қоры бойынша екінші орында тұрған (Австралиядан кейін) Қазақстан 2009 жылы уран өндіруде бірінші орынға шығады" деп мәлімдейтін кезі осы тұс. Алайда оны құрықтағаннан кейін "Қазатомөндіріске" Владимир Школьник тағайындалды. "Шетелдік басылымдардың жазуынша, ол аталған саланың Жәкішев жасаған даму стратегиясын уысынан шығарып алды. Ал кейбір басылымдардың дерегінше, ол отандық уран өндірісін Ресейге жығып берген. Бірақ, толыққанды тапсырып үлгермейді. Орнына Қаппаров келді де, Жәкішев жасаған жобаны жалғастырды.Бұл жоба табиғи уранды экспорттаудан ядролық жанармай жасауға көшу болатын. Іс жүзінде уран тасымалына қарағанда, бұдан түсетін табыс та толымды болар еді", – дейді "Қоғамдық позиция" газетінің тілшісі.
Атап айтқанда, Жәкішевтің кезіндегі уранды тазартып, қоспалардан арылтатын Өскемендегі зауыттың құрылысы әлі басталған жоқ. Оны қолданысқа беруді 2018 жылға дейін шегерген көрінеді.
Себебі? Бұған уран саласындағы ресейлік билік кедергі келтіріп отыр.
Соңғы 10 жылда Қазақстан уран өндіретін көшбасшы елге айналды. Жерімізде уранның 12 пайызы шоғырланған. Ал Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың дерегінше, Қазақстанда қазіргі күні 17 уран кеніші жұмыс істейді, алайда олардың тек 5-і ғана "Қазатомөндіріске" тиесілі. Өзгесін біздің ел шетелдік әріптестермен бірігіп игереді. Оның ішінде Ресей де бар...
[caption id="attachment_10085" align="alignleft" width="332"] "Қазатомөндірістің" бұрынғы басшысы Школьник сұхбат беріп тұр[/caption]
"Қазатомөндірісті" Школьник басқарған кезде Қазақстанның уран саласын Ресеймен бірігіп дамытуға басымдық беру керек деген пікірлер жиі айтылды. Алайда ресейліктер Қазақстанға көнерген, ескірген реакторларды беретін, олардың көпшілігі 70-ші жылы жасалған "Китёнок" атомдық су асты кемесінде тұрғаны кейін белгілі болды.
Жәкішев сотталғаннан кейін оның жапонның атақты "Тошиба" компаниясымен бірлескен жобасы жолда қалды. Дәл осы "Қоғамдық позицияның" жазғанындай, атом өндірісінде жаңа технологияларға ие жапондық компания Жәкішовтың орнына келген жаңа басшылыққа күмәнмен қарапты. "Ал Жәкішевтің қазақстандық уран өндірісіндегі Ресей ықпалын азайтуға тырысқаны белгілі" дейді газет тілшісі.
Кейбір деректерге қарағанда , "Қазатомөндіріске" келген Қаппаров дәл осы Тошибамен қайта байланыс орнатуға ұмтылған. Яғни, Жәкішев аяқтай алмай кеткен істі қайта сабақтауға тырысқан.
Кейбір ортада Қаппаровтың қазасына қатысты мынадай пікірлер айтылады: оған өте қатты әсер ететін у беріп, ресейлік арнайы қызмет агенттері өлтірді. Және Қазақстанда емес, қытайларға күдік түскенін қалады. Егер уран өндірісіндегі мемлекеттік сатып алуда Қаппаров Ресейге қарағанда Қытайға басымдық бергенін ескерсек, бұл болжам да шындыққа жанасымды болуы мүмкін.
Қалай болғанда өз өлімінің құпиясын Қаппаров өзімен бірге ала кетті.
Онымен қоштасу кезінде вице-премьер Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі Есімов және Школьник сөз алды. Школьник бет орамалымен көз жасын сүртті. Мұнысы қаншалықты шынайы болды екен? Кім білген...