Алматыдағы көз тартар ғимараттардың бірі һәм бірегейі Республика сарайы екені анық. Кеңес заманында салынған еңселі ғимарат әлі де сәні мен салтанатын жоғалтқан жоқ. Алматыға ат басын бұрған адамның бәрі «Көктөбе» мен Республика сарайына арнайы барып, естелік суретке түсіп жатады. Біршама жыл бұрын Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов елімізде басты сарайын күрделі жөндеуден жүргізіп, ажарландырғанын бәріміз білеміз. Бірақ сарайдың ауласына аяқ басып, ішіне енгенде өрікпеген көңіліңіз су сепкендей басылады.
Республика сарайына күрделі жөндеу жұмыстары екі жылға таяу жүргізілді. Нәтижесінде алып ғимарттың алдынан жер асты автотұрағы салынып, іші-сырты толықтай кісі танымастай болып өзгерді. О баста күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға тақағанда сарайдағы қызметкерлер де көрікті ғимаратқа сай мәдениетті болатын шығар деп ойлағанбыз. Жақында Республика сарайында өткен концертке барып, сарайдың ішіндегі сорақы жайттарға куә болып, жағамызды ұстап қайттық.
Республика сарайы жаңарып, жасарғанымен, оның ішіндегі адамдардың пиғылы өзгермепті. Қайта, керсінше, олар рухани ордаға концерт көруге келген жұрттың қалтасын қағудың неше түрлі амалын ойлап тауыпты. Сарайдың алдынан алыпсатарлар қарсы алып, билетті бірнеше есе бағасына сатуға ұмтылдаы. Олар погон таққан тәртіп сақшыларымен мидай араласып жүр. Тәртіп сақшылары мен алыпсатарлардың бітеқайнасып кеткенін бала да түсінеді Нағыз көлеңкелі бизнестің ордасы. Тепсе темір үзетін жігіттердің билетті арзан бағаға сатып алып, үстеме бағаға саудалауда. Ал тәртіп сақшылары болса, көз алдында көлеңкелі бизнес өркендеп жатқанын көрмегендей ары-бері сенделіп жүр. Алып сарайға кіріп бара жатқан қалың нөпірдің арасынан айқай шықпасы бар ма? Жұрттың назары сол жаққа ауды.
Билетін байқамай шатастырған бір кейуананы тәртіп сақшылары кеудесінен итеріп, ішке кіргізбей жатыр екен. Үлкен кісі қойны-қонышын ақтарып, билетін тауып, әрең дегенде ішке өтті. Іште де айғай-шу. Есіктің көзіндегі бір орыс келіншек жұрттың сөмкесін ақтарып жатыр. Алғашында қауіпсіздік үшін қарастырылған шара шығар деп ойладық. Сөйтсек, Әзірейлідей болған әлгі келіншек жұрттың сөмкесіндегі сусындарды алып, бір бұрышқа жинап жатыр. Бір кішкентай баланың қолындағы сусынын шырылдатып, тартып алды. Анасы қанша жалынса да есіктің көзінде тұрған «әзірейіл» міз бақпады. Сөйтсек, Республика сарайына бір құты су алып кіруге болмайды екен. Бұл енді сарай әкімшілігінің жаңа тәртібі болса керек. Таңдайыңыз кеберсіп, шөліркесеңіз, іштегі буфеттен сатып алу керек екен. Талап қатал. Жекелеген кәсіпкерлердің көңіл көтеретін мекемелеріне кіргенде қарауылдардың қолыңдағы сусынды тартып алмаушы еді. Ал мемлекеттің ғимаратын билеп-төстеп алған сатушыны сарай әкімшілігі қалайша шолжаңдатып қойғанын түсіне алмадық.
Республика сарайының есігінің көзінде бір орыс келіншек жұрттың сөмкесін ақтарып жатыр. Алғашында қауіпсіздік үшін қарастырылған шара шығар деп ойладық. Сөйтсек, Әзірейлідей болған әлгі келіншек жұрттың сөмкесіндегі сусындарды алып, бір бұрышқа жинап жатыр. Бір кішкентай баланың қолындағы сусынын шырылдатып, тартып алды. Анасы қанша жалынса да есіктің көзінде тұрған «әзірейіл» міз бақпады. Сөйтсек, Республика сарайына бір құты су алып кіруге болмайды екен. Бұл енді сарай әкімшілігінің жаңа тәртібі болса керек. Таңдайыңыз кеберсіп, шөліркесеңіз, іштегі буфеттен сатып алу керек екен. Талап қатал. Жекелеген кәсіпкерлердің көңіл көтеретін мекемелеріне кіргенде қарауылдардың қолыңдағы сусынды тартып алмаушы еді. Ал мемлекеттің ғимаратын билеп-төстеп алған сатушыны сарай әкімшілігі қалайша шолжаңдатып қойғанын түсіне алмадық.
Самаладай концерт залына енгенде тағы да сорақы жайтқа тап болдық. Ән тыңдайық деп жұмсақ орындыққа құйрық басқанымызда мойындарына фотоаппаратын асынған жас балалар кең залды әрі-бері кезіп, «фотоға түсіңіздер» деп, ән тыңдауға келген жұрттың мазазсын алды. Суреттері қымбат. Кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Осылайша кеш бойы өзімізді концертте емес, тойда отырғандай сезіндік. Мемлекеттік мекемені табыстың көзіне айналдырған Республика сарайы әкімшілігі басшылығының іс-әрекетін Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов мырза бір қарауы керек екенін аңғардық. Егер сарай басшылығының еркіне жіберсе, олар барша қазақтың маңдайына басқан ғимаратта той өткізіп, айналасында сауна, кафе салып тастаудан тайынбайтынын байқадық. Республика сарайын күтіп ұстауға қаржы жетпеген соң, осындай қадамға барды деуге ешкім сенбесі анық. Сарай әкімшілігі ғимаратты әншілерге қыруар ақшаға жалға беріп, мол пайда тауып отыр. Қазақ руханиятының алтын арқауы болған Республика сарайын пысықайлардың табыс көзіне айналдыруы Алматы қаласы әкімдігіне абырой әпермесі анық. Сондықтан қала басшысы Ахметжан Есімов бұл сорақылықтың жолын кесу керек деп есептейміз.
Нұрлан ЖҰМАХАН