Қаңтарда Қазақстанды Путин құтқарып қалды - Қанделаки

Dalanews 18 қаң. 2024 06:44 1308

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Telegram арнасында Қазақстан туралы кезекті жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Канделаки орыс тілінің ығысуына байланысты жазбасына үн қатқан қазақстандықтарға тағы да жауап қайтарды. Кезекті жазбасында ол “мәңгүрт” сөзіне ерекше тоқталып, қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің Қазақстанға көмектескенін мәлімдеді.

“Құрметті қазақтар, сіздерде “мәңгу” деген қарапайым бірақ кең мағыналы ұғым бар. Бұдан белгілі мәңгүрт бейнесі шығады. Ол - жадысынан, болмысынан, санасынан айырылған адам. Өзіңізді және өткеннің еншісінде қалған тарихи оқиға мен тарихи атауларды ұмыту - жай ғана сауатсыздық емес, сонымен қатар қауіпті әрекет” – деп жазды ол.


Тележүргізуші өткенді еске алмау “Борат” фильміне қошемет көрсетумен бірдей екенін еске салды.

“Фильмге Қазақстаннан басқа кім тыйым салды? Ресей мен Парсы шығанағы елдері. Ал Батыс елдері ше? Қазақтарға мән бермеді. Олар үшін қазақтар кім? Жауабы фильмнен анық көрініс табады. Қазақстан екі жыл бұрын жойылып кете жаздады. Сол кезде көмекке келген көрші жақсы ма, әлде жанып жатқан қала ма?“– деп жазды Канделаки.

Ол 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға баруын мысалға келтірді. Оның айтуынша, егер «көршілерінің көмегі» болмаса, Қазақстан өмір сүруін тоқтатар еді.


Еске сала кетейік, күні кеше ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр деп Telegram арнасына жазба жариялаған еді. Оған қазақстандық белгілі тұлғалар мен қарапайым халық наразылығын білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар