"Қайрат" Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынында жеңілді

"Қайрат" Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынында жеңілді
Қайрат ФК

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Кипрдің «Омония» клубына есе жіберді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Никосия қаласында өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 13-минутта Панайотис Андреу соқты.

Кездесудің басым бөлігінде қазақстандық клуб сан басымдығына ие болды. Себебі 33-минутта «Омонияның» қорғаушысы Лоик Него тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Қарымта кездесу 29 шілде күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген клуб Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне ауысады.