Қай өңірлерде пойыз жиі тұрып қалатыны белгілі болды

Қай өңірлерде пойыз жиі тұрып қалатыны белгілі болды
ІІМ

Қазақстанда жыл басынан бері пойыздар шұғыл тежелуіне қатысты 846 жағдай тіркелді. Оның 474-іне теміржол бойында қараусыз жүрген мал себеп болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мұндай жағдайлар Қызылорда, Шу, Атырау және Семей станциялары маңында жиі кездеседі.

Осындай жағдай 19 тамызда Ақмола облысындағы ОП-42 - Бабатай аралығында болған. Жүк пойызының машинисі теміржолда жүрген малды байқап, шұғыл тежегішті іске қосқан. Алайда пойызды тоқтатуға мүмкіндік болмай, бес мал қағылған.

Тексеріс кезінде малдың иесі анықталды. Ол - Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны. Азамат теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.