Владимир Путин мен Дональ Трамп жақын уақытта телефон арқылы сөйлеседі. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, Кремль әзірге Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы әңгіменің қалай өткенінен бейхабар. Дегенмен Песков Трамптың «бейбітшілік бұрынғыдан да жақындай түсті» деген пікіріне қосылатынын айтты.
Ал Владимир Зеленский мен Владимир Путин арасындағы ықтимал телефон қоңырауына қатысты әңгіме әзірге жоқ. Песковтың сөзінше, болашақ бейбіт келісімнің егжей-тегжейін талқылауға әлі ерте.
Бұған дейін Зеленский Дональд Трамптан ұзақмерзімді қауіпсіздік кепілдіктерін сұрағаны белгілі болды. Украин президенті кепілдіктердің мерзімі 30, 40, тіпті 50 жылға дейін болғанын қалайтынын айтқан.
"Кепілдіктердің мүмкіндігінше ұзақ мерзімге берілгенін қалар едік. Мен оған 30, 40, 50 жылдық нұсқаны қарастыруды сұрадым", – деп келтіреді Зеленскийдің сөзін «Новости.live».
Зеленский мұндай шешім тарихи маңызға ие болатынын атап өтті. Сондай-ақ оның айтуынша, АҚШ президенті бұл ұсыныс туралы ойлануға уәде берген.
