"Біз ұрпағымыз үшін, азаттық үшін арпалысып жатырмыз, ақиқат әрдайым қымбат, сондықтан да біз жеңіп шығамыз. Сегіз миллионға жуық украин қаза тапқан Екінші дүниежүзілік соғыстағы бабаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Олар кейінгі ұрпақтың амандығы үшін кеудесін оққа тосты. Жақын күндері Украина екі бірдей Жеңіс күнін тойлайтын болады. Ал кейбіреуде оның бірі де қалмайды...", - деді Украина президенті.
Зеленский Екінші дүниежүзілік соғыстағы украин халқының ерлігін ешкім еншілей алмасын еске салды, сонымен қатар елдің ешбір аумағын басқыншыларға бермесін атап өтті.
"Біз жеріміздің әр түйір тасы үшін соғысып жатырмыз, оны бөгде біреудің барымталауына жол бермейміз! Бүгін күллі украин халқы Гитлердің жүйесін жеңген күнді тойлауда. Украин халқы осы жеңіске қомақты үлес қосты. Өткен тарихты бізден ешкім тартып ала алмайды. Біз өзге халықтармен бірге гитлерлік жүйені жеңген ата-бабаларымызды ардақтап, мақтан тұтамыз.
Жеңісті саяси саудаға салуға болмайды. Орта ғасырлардың өлшемімен ойлайтын кейбіреулердің жеңісті жекеменшік мерекеге айналдыруына, иеленіп кетуіне жол бермейміз"
- деп баса айтты Зеленский.
Айта кетелік, Мәскеудегі парад кезінде сөз сөйлеген Владимир Путин: "Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кіріп, “алдын ала соққы берді”, бұл “жалғыз дұрыс шешім” болды" деп мәлімдеген (бұл туралы төменгі сілтемеде толығырақ жазылған, ред.).
Ресей Украинаға шабуылды “арнайы операция” деп атайды.