Құқық қорғау органдарымен қылмысқа қатысушыларды анықтау, кінәлі тұлғаларды жазаға тарту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті толық қалпына келтіруге бағытталған қажетті шаралар қолдануда. Осы ретте зардап шеккен адамдар мен бизнес объектілеріне қатысты оқиғаларды тергеуге ерекше назар бөлінгенін айтуымыз керек.
– Қазір жедел тергеу топтарымен 819 қылмыстық істер тергелуде, оның ішінде 45-і терроризм актілерімен, 36-ы жаппай тәртіпсіздікпен, 15-і адам өлтіру деректері бар. Сонымен қатар, ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкіліне қатысты күш қолдану фактілерімен қылмыстық істер де тергелуде. Бұл істер бойынша 970 күдіктілер қамауға алынып, олардың ішінде 182-сі соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, 29-на қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған, – деді Елдос Қилымжанов.
464 адамдар терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталынды.
Бұдан басқа, 226 тұлғалар ұрлық, 60-сы қаруды заңсыз сақтау, 39-ы қаруларды жымқыру, 25-і бұзақылық, 21 тонау деректерімен қамауға алынғаны мәлім болды.
Басқа да қылмыстық істер бойынша ұсталынған адамдар бар. Осы жерде түсіндіріп өткен жөн болар, бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін. Бұл деректер әлі де түпкілікті емес. Олар прокуратурамен ұстау негіздерін тексеру және соттарда қамауға алу істерінің қаралу нәтижесіне байланысты.
– 29 ұсталған тұлғалар бойынша соттармен қамауға алуға бас тартылған, олар қазір босатылды. Прокурорлар қамауға алынғандардың ұстау мекемелерін күнделікті тексеруде. Біз, адамдарды ұстауға негіздер болмауына байланысты 96 адамды уақытша ұстау изоляторларынан босаттық. Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде, 73 дене жарақаттары бар адамдарды анықтады. Олардың ішінде үшеуіне қатысты бұртартпа шаралары өзгертілді, олар қазір бостандықта. Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында 29 оқ жарақат алғандар қалалық ауруханаралға жатқызылды. Қамауға алынған 41 адамның жарақаттардың ауырлығына байланысты тікелей и золяторда ем алуда, – деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары.
Осы ретте Бас прокуратураның өкілі қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында Адам құқытары жөніндегі уәкілі және басқа да адам құқықтарын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілгенін жеткізді. Бұдан басқа, Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесе, уақытылы білікті заң көмегін көрсету және қорғаушылардың мекемелерге кіру мәселелері шешілді.
Бүгінге, прокуратура органдарына азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 91 шағымдар түсті.
– Әр шағымға шара қолданудамыз. 19 арыздарда көрсетілген заңбұзушылықтар расталмады, ал 56-сы бойынша тексерулер жүргізілуде. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда азаматтардың құқықтарын бұзу расталды. Айталық, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасымен заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғындары босатылды. Бұл фактілермен арнайы прокурормен тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, билікті асыра қолдану деректерімен қылмыстық істер тергелуде. Республика бойынша осындай 16 қылмыстық іс басталды, – деді.
Арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел шара қолдану мақсатында, еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған-ды. Осы мақсатпен, «prokuror.gov.kz» ресми сайтында облыстық және Бас прокуратураның сенімді телефондары жарияланған.
****
Ел Президентіміздің ауырлататын мән-жайлар болмағанда, жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды.
Жалпы соттармен, қаңтардағы оқиғалармен 9213 әкімшілік істер қаралды.
Соттар, шын ниетпен өкіну және жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп, 4561 тұлғаларға қатысты ескерту жасаумен шектелді.
Прокурорлардың өтінішхаттарымен 1083 адамдар қамаудан босатылды, 490 айыппұл жазалары ескертуге ауыстырылды, 386 әкімшілік істері құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты толығымен қысқартылды.
Қазіргі уақытта, 362 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1245 тұлғаларға қатысты айыппұл қолданылды.
Сонымен бірге, прокурорлардың әкімшілік жазаларды жеңілдету туралы 298 өтінішхаттары соттардың қаралуында.
Осыған ұқсас жұмыстарды, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жүргіземіз.
****
Азаматтардың «STOPTERRORISM.KZ» ресми сайтына жолданған бейне жазбалары, оқиғалардың мән-жайларын анықтауға елеулі көмек көрсетуде. (бұл сайт 12 қаңтарда іске қосылған болатын).
Қазіргі уақытта, 1500-ден астам ақпараттар түсіп, олар тергеушілермен толық зерделенуде.
Осы сайтты қолдану арқылы, Алматы қалалық әкімшілігінің алдында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларды анықтадық.
Осы кезді пайдалана отыра, немқұрайлық көрсеткен азаматтардың көмегіне, Бас прокуратура алғысын білдіреді.
Естеріңізге сала кетейін, бұл сайт анонимді, яғни ақпарат жолдаған адамдардың иелері ешкімге айтылмайды. Ақпараттар тек қылмыстық істердің тергелуінде қолданылады.