Президенттік тесттен “Елбасы” атауы алынып тасталды

Қаракөз Амантай 23 мау. 2025 12:20

Қазақстанда президенттік тест өткізу ережелерінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты атау ресми түрде алынып тасталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда біраз жылдан бері “Елбасы тесті” атауымен белгілі спорттық нормативтің ресми атауы өзгертілді.

Жаңа редакцияда құжаттың атауы:
“Қазақстан Республикасы халқының дене даярлығын бағалауға арналған президенттік тестілерді өткізу қағидаларын бекіту туралы” деп көрсетілген.

Айта кетейік, бұрын бұл ереже “Тұңғыш Президент – Елбасы тесті” деп аталған. Жаңа өзгеріс 2025 жылдың 16 маусымынан бастап күшіне енді.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевқа “Елбасы” мәртебесі 2010 жылы ресми түрде берілген еді. Бұл атақ оған өмір бойы артықшылықтар мен құқықтар берді. Атап айтатын болсақ, қылмыстық жауапкершіліктен қорғану, қауіпсіздік кеңесін басқару, өзі мен отбасына материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қарастыру.

Алайда 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан билігі жеке басқа табынушылықтан бас тарту және суперпрезиденттік жүйеден парламенттік басқару үлгісіне көшу жолында “Елбасы” туралы заңды жоюды қолға алды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар