Президент Жамбыл облысының бас полицейін қызметінен босатуды тапсырды

Dalanews 10 ақп. 2020 12:31 791

Ақорда сайтында ақпараттық хабарлама жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

– Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды, – делінген хабарламада.


Арман Оразалиев 2018 жылы шілдеде Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдаған. Бұрын ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар