Осыдан бір апта бұрын «әкімдік қызметкерінің» жол апатында зардап шеккендерді «крышасымен» қорқытқаны түсірілген видео пайда болған еді. «Ой, б…, басқа табыс көзім жоқ дейсіздер ме? Әрқайсымыздың «крышамыз» бар. Барлығыңыз осыны түсінуіңіз керек. Ал өлгенде ғана әрекетіміз үшін жауап береміз», — деп мәлімдеген еді қыз.
Сондай-ақ, ол өзін әкімдіктің қызметкерімін деп таныстарған болатын. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ахмет Ашимахун осы оқиғадан кейін бөлімдерде және бөлімшелерде кадрлық тексерістердің жүргізілгенін, бірақ бұл қыздың қызметкерлердің тізімінде жоқ екенін айтты. Тәртіп сақшылары видеороликтегі қыздың кім екенін анықтап, оны Алматы облысындағы жергілікті полиция қызметінің ғимаратына жеткізген. Осылайша, оған қызметкерлерге видеода неліктен осынша агрессия көрсеткенін түсіндіруге тура келді. Қыздың айтуынша, ол рөлде отырған жігіттің жоғары жылдамдықпен жүріп, үш жол апатын жасап, зардап шеккендерден жасырынбақ болған кезде қатты қорыққан. Содан ол айғай шығарған. Басылымның мәліметінше, 23 жастағы Салтанат Талғар қаласында дүниеге келген.
Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Жалғыз анасы бар, ол педагог болып жұмыс істейді екен. Қыздың айтуынша, ол осыдан бірнеше жыл бұрын Талғар қалалық әкімдіктің бір бөлімінде жұмыс істеген. Бірақ жұмысқа орналасқан жылы-ақ, ол әкімдіктегі жұмысынан кетіп, жекеменшік қаржы мекемесіне жұмысқа тұрған. Кейінірек мемлекеттік жұмысқа қайтып келмеген және оған ешқандай да қатысы жоқ.
Бұл жолы ол осы әрекетімен мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіргені үшін барлық мемқызметкерден көзіне жас алып, кешірім сұрады. Салтанаттың айтуынша, ол видеода айтқан сөздеріне расында да өкінеді. Сондай-ақ, Салтанат қазақстандықтардың бұған түсіністікпен қарап, кешіретініне сенеді.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
[video width="1280" height="720" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/05/«Сотрудница-акимата»-с-крутой-«крышей»-попала-в-руки-полиции.mp4"][/video]