Freedom Inside '26

Полиция түн ішінде отшашу атып, туған күнмен құттықтайтындарға ескерту жасады

Полиция түн ішінде отшашу атып, туған күнмен құттықтайтындарға ескерту жасады
ІІМ кадры

Полиция түнгі уақытта шулы мерекелік шаралар өткізуден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау қажет екенін еске салды. Кейінгі уақытта туған күн, отбасылық мереке және басқа да маңызды күндерді атап өту барысында азаматтардың шамадан тыс шу шығарып, той-думан ұйымдастыруы жиілеген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар көбіне қоғамдық тәртіп бұзылуына және тұрғындардың тыныштығына кедергі келтіреді.

Әсіресе, түнгі уақытта тұрғын үйлер маңында және қоғамдық орындарда отшашу атып, пиротехникалық бұйымдар мен түрлі шу шығаратын құралдарды пайдалану адамдардың алаңдаушылығын тудырады.

Сонымен қатар, мұндай жиындарда қоғамдық орындарда ішімдік ішу, тыныштықты бұзу және аумақтарды қоқыс пен пиротехника қалдықтарына толтыру деректері де кездеседі.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.