Петропавлда НЗМ-нің жоғары сынып оқушысы үшінші қабаттан құлап кетті

Көркем Алдабергенова 18 ақп. 2026 13:11

17 ақпанда сабақтан тыс уақытта Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2008 жылы туған оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жасөспірім қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, есін біледі.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен балаға бірнеше диагноз қойылған: екінші бел омыртқасының денесінің үшінші дәрежелі жабық компрессиялық сынуы, сондай-ақ екі өкше сүйегінің ығыссыз жабық сынуы.

Мектеп әкімшілігі оқиғаның болғанын растады. Қазір оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, тексеру жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove