Алматыда автобус пен көлік апаты: 9 адам дәрігерге жүгінді

Алматыда автобус пен көлік апаты: 9 адам дәрігерге жүгінді
Almaty.police

Алматыда автобус пен Toyota Highlander көлігі соқтығысып, тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша, автобус бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен болуы мүмкін», — деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Жол-көлік оқиғасы Төле би даңғылы мен Жұмалиев көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 201-бағыттағы автобус Төле би даңғылымен батысқа қарай, ал Toyota Жұмалиев көшесімен оңтүстік бағытта қозғалған.

Қиылыста көліктер соқтығысқан. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік полиция экипаждары келген.

Полиция қызметкерлері оқиға бойынша бастапқы тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сараптама, соның ішінде автотехникалық сараптама тағайындаған.

Мамандар жол-көлік оқиғасының нақты қалай болғанын, соқтығыстың мән-жайын және әр қатысушының жауапкершілік деңгейін анықтайды.