Екібастұзда тұрғын үйдің ауласында көлік алты жасар баланы қағып, ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болған.
«Кәмелетке толмаған баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Қаза болған баланың туыстарының айтуынша, көлік тізгінінде қыз болған. Олардың сөзінше, жүргізуші аулада жасанды жол кедергісі болғанына қарамастан жоғары жылдамдықпен жүрген.
Полиция мәліметінше, көлік жүргізушісі ұсталған.
Қазір полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.