Бұдан басқа институттың соңғы үш жылдағы атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Халықаралық қарым-қатынас жұмысының негізгі бағыттары мен атқарылған қызмет нәтижелері туралы институттың аға оқытушысы Л.Б. Петрова жан-жақты баяндады.
Бастауыш сыныпта білім беру квесттерін енгізу бойынша эксперименттік алаңдардың жетекшісі, Институттың аға оқытушысы В.Ю.Кайдакова тәжірибе барысындағы жетістіктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Басқарма төрағасы Әсел Зейнулқызы кездесу барысында функционалдық сауаттылықты дамыту, мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы сан түрлі сауалдар талқыланып, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің жұмыс сапасын жоғары сатыға көтеруді көздейтін тың ұсыныстар қарастырылды. Нәтижеге бағытталған еңбегіміз жемісті болсын!