Алматы әуежайының баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қаза тапқан адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері екені нақтыланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан перрон учаскесінде жазатайым оқиға болды. Алматы әуежайы уәкілетті мемлекеттік органдарға көмектесіп, тергеу аясында олармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, тергеу аяқталғанға дейін қосымша ақпарат берілмейтіні айтылды.
Алматы халықаралық әуежайы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.