Павлодар облысының әкімі әпкесінің жауапқа тартылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Павлодар облысының әкімі әпкесінің жауапқа тартылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді
gov.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әпкесінің жауапқа тартылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты, бұл қағидаттан тыс емес", - деді әкім желідегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы әкімінің әпкесі көлікті мас күйде айдап ұсталып, сот алдында жауап бергені хабарланды. Ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып,15 тәулікке қамауға алынған.