Павлодар облысында көктайғақтан екі көлік соқтығысып, екі адам қаза болды

Ақтоты Жапатова 27 жел. 2025 19:00

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 желтоқсан күні «Павлодар – Омбы» автожолының Бобровка ауылы маңында Тойота Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Hyundai Accent автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар