Freedom Inside '26

Ресейден жанармай сатып алу туралы ресми өтініш түспеді – Энергетика министрлігі

Ресейден жанармай сатып алу туралы ресми өтініш түспеді – Энергетика министрлігі
Фото: Pixabay

Қазақстанға Ресей тарапынан жанармай сатып алу жөнінде ресми сұраныс түспеген. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, әзірге Ресейден министрлікке мұндай мәселе бойынша ешқандай ресми өтініш келіп түспеген.

Вице-министрдің сөзінше, егер болашақта ұсыныс жасалса, Қазақстан оны ұлттық мүдде мен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын ескере отырып қарайды.