Freedom Inside '26

Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады
gov.kz

2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында Өскеменде халықты әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету туралы үшжақты меморандум жасалды, деп хабарлайды dalanews.kz yk.kz-ке сілтеп.

Құжатқа сәйкес қала тұрғындарына 30 мың тонна әлеуметтік көмір жеткізу жоспарланған. Көмір әлеуметтік бағамен қаланың үш көмір тұйығы арқылы сатылады. Әлеуметтік көмірді мына ұйымдардан сатып алуға болады:

  • "Сейком" ЖШС - "Қаражыра" көмірі;
  • "Уголь-Достық" ЖШС - "Майкүбі" көмірі;
  • "Топливная компания Терминал" ЖШС - "Қаражыра" көмірі.

Қазіргі коммерциялық көмір бағасы:

  • "Қаражыра" көмірі ("Сейком" ЖШС) - тоннасы 17 400 теңге;
  • "Қаражыра" көмірі ("Топливная компания Терминал" ЖШС) - тоннасы 17 500 теңге;
  • "Майкүбі" көмірі ("Уголь-Достық" ЖШС) - тоннасы 17 500 теңге.

Әлеуметтік көмір коммерциялық бағадан 500 теңгеге арзан сатылады. Әлеуметтік көмір сатып алуға өтініштер аумақтық басқару орталықтарының филиалдары арқылы қабылданады.

Өскемен әкімдігі жеке тұрғын үй иелерін алдағы жылыту маусымына қажет көмір қорын алдын ала дайындауға шақырды. Бұл маусымдық сұраныс күрт артуына жол бермей, жылыту кезеңінен тұрақты өтуге мүмкіндік береді.