“Павлодар наш!” деп ұрандатқан ресейлік стример елден қуылды

“Павлодар наш!” деп ұрандатқан ресейлік стример елден қуылды
видео кадры

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында шет мемлекет азаматы арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқан тікелей эфирлер анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Эфирлердің бірінде ол Қазақстанды Пәкістанмен салыстырып, жасанды интеллектіден қай ел тұрғындарының IQ көрсеткіші жоғары екенін сұраған. Тағы бір эфирде қыз Павлодар туралы пікір білдірген.

"Павлодар біздікі, атауы да біздікі сияқты естіледі", - дейді стример.

Сот шешімімен шетел азаматы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңнамада белгіленген тәртіппен оны ел аумағынан шығару бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды. Кейін Астана Полиция департаменті шетел азаматы Қазақстан аумағынан кеткенін мәлімдеді.