Павел Дуров Ресейдегі Telegram жұмысының шектелуіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 11 ақп. 2026 09:28

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейде платформаның жұмысы шектелгені туралы ақпараттан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Ресей билігі азаматтарды мемлекет бақылауындағы, бақылау мен саяси цензураға арналған қосымшаға көшіру үшін Telegram-ға қолжетімділікті шектеп отыр.

«Ресей Telegram-ға қолжетімділікті шектеп жатыр. Бұл – азаматтарды мемлекет бақылауындағы, аңду мен саяси цензураға арналған қосымшаға көшіру әрекеті», – деді Дуров.

Ол сегіз жыл бұрын Иран да дәл осындай стратегияны қолдануға тырысқанын еске салды. Дуровтың сөзінше, ол әрекет сәтсіз аяқталған.

«Иран Telegram-ды ойдан шығарылған себептермен бұғаттап, адамдарды мемлекеттік баламаға көшуге мәжбүрлемек болды. Алайда бұл стратегия нәтиже бермеді», – деді ол.

Дуровтың мәліметінше, тыйымға қарамастан, ирандықтардың басым бөлігі әлі күнге дейін Telegram-ды пайдаланып келеді. Олар цензураны айналып өтіп, бақылауға ұшырайтын қосымшалардан гөрі осы платформаны таңдаған.

«Азаматтардың еркіндігін шектеу дұрыс шешім емес. Telegram қандай қысым болса да, сөз бостандығы мен құпиялылықты қолдайды», – деп түйіндеді Павел Дуров.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove