Пан Ги Мун: Көптеген елдердің басшылары конституцияны өзгерту арқылы билікте қалғысы келеді

Dalanews 26 қыр. 2016 03:42 759



БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде көптеген саяси жетекшілер өз азаматтарының мүддесін аяққа "таптап" жатқанына тоқталды. Бас хатшының баяндамасы БҰҰ сайтында жарияланды.






"Біз көптеген елдердің басшыларының билікті сақтап қалу үшін конституцияны өзгертіп, сайлау нәтижелерін бұрмалап, басқа да шектен тыс әрекеттерге барғанының куәсі болдық, - деді Бас хатшы. Олар мемлекетті басқару қызметінің жеке басының меншігі емес, азаматтардың сенімі екенін түсінуі керек. Сіздер өз халқыңызға қызмет етулеріңіз керек. Демократияны шайқауды, елдің табиғи байлығын тонауды, қарсыластарыңды азаптап түрмеге жабуды доғарыңдар".
Пан Ги Мун дипломатиялық этикетті ысырып қойып, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шеше алмай отырған мемлекеттерді қатаң сынға алды. Ол әлем елдерінің жетекшілері өз азаматтары алдында жауап беретіндігін, ал халықаралық қауымдастық басқа да мәселелерді шешуге пәрмені жететінін атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысы қызметін ауыр мұңмен тастап бара жатқанын мәлімдеді.

"Халық пен биліктің арасы алшақтады. Экстремистер халықты бөліп қарауға мәжбүрлеп отыр. Жер біздің әрекетімізге теңіз дауылдарымен, аптап ыстықпен, аяусыз құйындармен жауап береді", - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы.

 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар