Өзге ұлтқа тұрмысқа шықпақшы болған өз қызын атып тастаған қазақ

Өзге ұлтқа тұрмысқа шықпақшы болған өз қызын атып тастаған қазақ

Әлеуметтік желі мен ауызекі әңгімелерде Қытайдағы қазақ диаспорасынан шыққан белгілі тұлға Жәнәбіл Сымағұлұлы туралы шулы оқиға жиі айтылады. Аңызға айналған бұл әңгімеде саясаткер өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпақ болған қызын той үстінде атып өлтіргені баяндалады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде кең тараған әңгімеге сенсек, кезінде Үрімжі қаласының басшылығында қызмет атқарған Жәнәбіл Смағұлдың қызы қытай жігітіне тұрмысқа шығуға шешім қабылдайды. Әкесі оған қарсы болғанымен, қыз райынан қайтпайды. Ақыры екі жақ келісіп, той өтетін күн белгіленеді.

Аңыз бойынша, салтанатты шараға өңірдің беделді адамдары мен жоғары лауазымды тұлғалар жиналған. Той үстінде жас жұбайлар әкесіне иіліп сәлем берген сәтте, Жәнәбіл Смағұл тапанша шығарып, өз қызын атып жіберген деседі.

Кейін ол жиналған жұртқа:

«Бұл менің жанымнан артық көретін қызым еді. Бірақ ұлтымды одан да қатты сүйемін», деген мазмұнда сөз айтқаны туралы айтылады.

Алайда бұл әңгіменің рас-өтірігіне қатысты нақты тарихи дәлелдер жоқ. Ашық дереккөздерде, ресми өмірбаяндарда Жәнәбіл Сымағұлұлының қызына қатысты мұндай қылмыс жасағаны жөнінде мәлімет кездеспейді.