Өзбектер бізден гөрі бақыттырақ

Dalanews 17 нау. 2016 22:11 824



«Әлемдік бақыт индексі» жарық көрді: алдыңғы орындарда скандинав елдері, ТМД-дағы ең бақытты ел 49-сатыда.





БҰҰ Жер шарының тұрғындары өзін қаншалықты бақытты сезінетіні туралы баяндайтын «Бақыт индексін» жариялады. Оның авторлары зерттеуге қатысқан 156 елдің ішінде ең бақытты жандар Данияда тұрады деп тапқан. Одан кейінгі орындарда швейцарлар, исландықтар, норвегтер, финдер және басқалар.

Посткеңестік елдердегі ең бақытты адамдар былтырғыдай Өзбекстанда тұратын боп шықты: бұл ел рейтингте 49-орынға табан тіреген. Бақыт индексіндегі келесі орынды Қазақстан иеленді (54), одан әрі тізімде Молдова (55) және Ресей (56). Олардан сәл төменірек, 61-орынға Беларусь жайғасқан, оның ізін өкшелей Түркіменстан (65 орын) тұр. Әзірбайжан рейтингте 81-орынды иеленсе, Қырғызстан 85, ал Тәжікстан жүзінші орыннан табылған.

Рейтинг авторлары елдің даму деңгейі, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қолдау көрсеткіштері секілді объективті факторлармен қатар, тұрғындардың жеке басының пікірлері мен көзқарасын ескерген. Ел тұрғындары өмірінің мәні, қандай да бір шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі, өзі қалағандай өмір сүру еркіндігі және елдегі биліктің жұмысы туралы сұрақтарға жауап берген.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар